Қазақстан мен Ұлыбритания стратегиялық әріптестікті кеңейтуде: 2025 жылға арналған жоспарлар

2024
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Кэти Личпен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кездесу барысында тараптар екі елдің 2024 жылғы өзара іс-қимыл қорытындыларын талқылап, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ұлыбритания Премьер-министрі Кир Стармердің Бакуде өткен СОР29 алаңындағы кездесуі ерекше аталып өтті. Сұхбаттастар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы Стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қою нәтижелері бойынша ынтымақтастықты кеңейту жоспарларын, сондай-ақ алдағы іс-шаралар кестесін қарастырды.

Тараптар саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда, ғылым және білім бағытында, оның ішінде Ұлыбританияның академиялық институттары мен университеттерін Қазақстанға тарту бойынша қарқынды өзара іс-қимылды құптады. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін жаңа қолайлы жағдайлар жасау мен екіжақты белсенді байланыстарды қолдау бойынша ортақ мүдделілік білдірілді.

Тараптар серіктестікті одан әрі нығайту бойынша келесі қадамдар аясында қазақ-британ Стратегиялық диалогы мен Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы сияқты екіжақты тетіктердің жұмысын жалғастыруға ерекше назар аударды. Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сирек жер металдары саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

Кездесу барысында тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі, соның ішінде климаттың өзгеруіне қарсы күрес пен қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша пікір алмасты. Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтауға бағытталған «Алтын Дала» экологиялық бастамасының табысты тәжірибесі мен оның «The Earthshot Prize» марапатын иеленгені аталып өтті.

Ұлыбритания – Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық және инвестициялық серіктесі. 2024 жылғы қаңтар-қараша аралығындағы екіжақты тауар айналымы 800 млн АҚШ долларынан асты (экспорт – 389 млн, импорт – 411,9 млн). 2023 жылы тауар айналымы 1,18 млрд АҚШ долларын құрады (экспорт – 702,9 млн, импорт – 478,7 млн). 2005 жылдан бастап Ұлыбританиядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 17 млрд АҚШ долларынан асты. Қазақстанда британдық капиталдың қатысуымен 550 кәсіпорын жұмыс істейді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -