ТЖМ құтқарушысы ММА жекпе жек турнирінде жеңіске жетті

1837
Фотосурет: t.me/qr_tjm / бейнеден кадр

18 қаңтар Люйлянда (Қытай) жергілікті JCK Kings 007 лигасының ММА жекпе-жек турнирі өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Аталмыш іс-шарада бұрын соңды жеңіліс таппаған қазақстандық Көшен Ақанов (5-0) Kubulan Tursynbek-пен (15-12) жекпе-жек өткізді.

Бұл жекпе-жек бойынша хабарламаны 27 жастағы Ақанов аз уақыт ішінде қабылдады. Бастапқыда ол 17 қаңтарда Кувейтте өтетін жекпе-жекке шығуы керек еді, алайда жекпе-жек қарсыласының жарақат алуына байланысты тоқтатылды.

Спортшылар арасындағы  бәсекелестік жоғары болды, алайда бұл турнирде елордалық құтқарушы Көшен Ақанов қарсыласынан мықты болып, чемпион атағына ие болды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -