Қазақстанның қаржылық мониторингі: БҰҰ мен ФАТФ деңгейінде мойындалды

2596
Фотосурет: Gov

Қазақстанның активтерді тәркілеу және қайтару жөніндегі тәжірибесі ФАТФ халықаралық сарапшыларына таныстырылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Вена қаласында (Австрия) Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес жөніндегі қаржылық шаралар топтары (ФАТФ) мен БҰҰ-ның Нашақорлық және қылмыс мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен сарапшылар кездесуі өтті.

Кездесуде негізгі назар активтерді қайтару және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес мәселелеріне аударылды.

Қазақстан заңсыз алынған активтерді қайтару жөніндегі өз тәжірибесімен бөлісті. Елімізде қылмыстық және сотқа дейінгі тәркілеу тетіктері тиімді жұмыс істеп, заңсыз байлықты тоқтатуға және мүлікті мемлекет меншігіне қайтаруға көмектеседі.

Негізгі құралдардың бірі – «Заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң. Ол қайтару процесін нақты сипаттап, оның ашықтығын қамтамасыз етеді.

Қаржылық мониторинг агенттігі ұсынған заңсыз жолмен алынған қаржы құралдары мен мүліктерді тәркілеу және қаржылық тергеулер жүргізу бойынша сәтті жағдайлар ерекше қызығушылық тудырды.

ФАТФ хатшылығы Қазақстанның активтерді тәркілеу және қайтару саласындағы саясатын оң бағалап, оны басқа елдерге үлгі ретінде ұсынды.

Іс-шараға 20-дан астам елдің өкілдері мен халықаралық ұйымдар қатысты. Кездесу ФАТФ хатшылығы әзірлеп жатқан Активтерді қайтару бойынша басшылықты даярлау аясында өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Агенттік қылмыстық жолмен алынған кірістерге қарсы күрес тетіктерін жетілдіру мақсатында шетелдік әріптестермен конструктивті ынтымақтастықты әрі де пысықтайтын болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -