Қазақстанда Беларусь елшісінің дипломатиялық миссиясы аяқталды

4620
Фотосурет: Gov

Қазақстан Сыртқы істер министрі Беларусь Елшісін қабылдады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Павел Утюпинді қабылдады.

ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы қазақ-белорус стратегиялық серіктестігінің деңгейін жоғары бағалап, П. Утюпинге Қазақстан мен Беларусь арасындағы екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға күш салғаны үшін алғысын білдірді.

Өз кезегінде Беларусь Елшісі Қазақстанда болған кезінде оған көрсеткен тұрақты қолдауы үшін терең ризашылығын білдіріп, қазақ-белорус қатынастарының үдемелі дамуына сенім білдірді.

Кездесу соңында Министр М. Нұртілеу ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Елші П. Утюпинге екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға қосқан зор үлесі үшін алғыс хатын тапсырып, оның кәсіби қызметіне табыс тіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -