Қазақстандағы негізгі саяси және әлеуметтік реформалар БҰҰ-да талқыланды

3069
Фотосурет: Gov

Женевадағы БҰҰ ғимаратында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің және азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен «Kazakhstan' s democratic transformations: Political and social rights» тақырыбында сайд-ивент өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шара Адам құқықтары жөніндегі әмбебап кезеңдік шолу аясында ҚР төртінші Ұлттық баяндамасын қорғау шеңберінде Қазақстанның демократиялық қайта құру саласындағы жетістіктерін, сондай-ақ адам құқықтарын қорғауға және инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған әлеуметтік және саяси реформаларды халықаралық қоғамдастыққа ұсыну мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараның модераторы ҚР Сенаты жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңестің төрағасы Ләззат Қалтаева  кездесуді бастама сөзімен ашып, күн тәртібінің негізгі бағыттарын белгіледі.

Аталған шараның спикерлері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Б. Нажметдинұлы, К.С. Сейтжан және Ю.В. Кучинская келесі тақырыптарда баяндама жасады:

  • конституциялық өзгерістерді, өлім жазасын алып тастау, сөз бостандығы мәселелерін және сайлау құқығын жақсартуды қоса алғанда, негізгі саяси реформалар.
  • жұмыспен қамтуды, медициналық қызметтердің қолжетімділігін, еңбекті қорғауды қоса алғанда, инклюзияға бағытталған әлеуметтік реформалар.

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Д.Б. Закиева омбудсмен мандатын күшейту, буллингке, суицидке және жыныстық зорлық-зомбылыққа қарсы шаралар сияқты балалардың құқықтарын қорғау саласындағы жетістіктерімен бөлісті.

«Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» РҚБ атқарушы директоры Д.Г. Есімова әлеуметтік саясатты нығайтудағы және осал топтардың құқықтарын қорғаудағы азаматтық қоғамның рөлі туралы айтып берді.

Сайд-ивент халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың, құқық қорғау ҮЕҰ-ның және сараптамалық қоғамдастықтың өкілдерін қоса алғанда, қатысушылардың кең ауқымын жинады, бұл Қазақстанда адам құқықтарын дамыту туралы ашық диалогқа ықпал етті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -