Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстандағы дипломатиялық қызметінің басталуына орай Аустрия Республикасының Елшісі Андреа Бахерді қабылдады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-аустриялық ынтымақтастығының ағымдағы ахуалы мен даму перспективалары талқыланды.
Тараптар екі елдің іскер топтарының тиімді өзара іс-қимылын кеңейту және байланыстарын арттыру тұрғысында Қазақстан-Аустрия экономикалық, ауыл шаруашылық, табиғатты қорғау, өнеркәсіптік, техникалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының және Іскерлік кеңестің маңызды рөлін атап өтті.
Кездесудің соңында Министр М.Нұртілеу Аустрия Елшісіне Қазақстандағы қызметіне табыс тіледі.