Қазақстан Елшісі Словакия Президентіне сенім грамоталарын табыстады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Президент сарайында Қазақстан Республикасының Елшісі Жанна Сағынованың Словак Республикасының Президенті Петер Пеллегриниге сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.
Салтанатты рәсім аясында өткен екіжақты кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынастардың достық сипатын айтып, саяси диалогты, сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастықты және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған дәйекті бағытты сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында П.Пеллегрини Елшіге дипломатиялық миссиясында табыстар тілеп, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы тілектерін жолдады.