Қазақстан мен Ұлыбританияның СІМ басшылары ынтымақтастықты кеңейтуге келісті

3520
Фотосурет: Gov

Қазақстан және Ұлыбритания СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы, деп хабарлайды DKnews.kz.

Британ тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Сыртқы, Достастық және даму істері жөніндегі мемлекеттік хатшысы Дэвид Лэмми телефон арқылы сөйлесті.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылап, Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынастардың стратегиялық серіктестік рухында дәйекті түрде нығаюын құптады. Саяси диалог пен сауда-экономикалық өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға, инвестиция, сондай-ақ білім беру жобаларына ерекше назар аударылды.

Бұған қоса министрлер алдағы өтетін 8-ші қазақ-британ Стратегиялық диалогының маңыздылығын атап өтті. Бұл алаң – екіжақты және көпжақты күн тәртібінің негізгі аспектілерін талқылау, сондай-ақ Астана мен Лондон арасындағы өзара тиімді серіктестікті тереңдетуге бағытталған жаңа бастамаларды әзірлеу үшін тиімді механизм.

Сыртқы саяси ведомстволар басшылары қазақ-британ қатынастарын одан әрі дамыту үшін күш-жігерді біріктіруге өзара мүдделілік білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -