Қазақстанға 16 млрд текше метр су жеткізіледі

6325
Фотосурет: Gov

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Өзбекстан Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев екіжақты су ынтымақтастығын тереңдету жөніндегі бірлескен жұмыс тобының 12-ші отырысында осы жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды DKnews.kz.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің хабарлауынша, өткен су шаруашылығы маусымында (2023 жылғы қазан – 2024 жылғы қазан) Қазақстанға 15 млрд текше метр су жіберілген. Осылайша, биыл бұл көлем 1 млрд текше метрге ұлғаяды деп күтілуде. Сондай-ақ, өзбек тарапы биыл суару маусымында «Достық» каналы арқылы тұрақты су беруді қамтамасыз етуге көмектеседі.

Бұдан бөлек, министрлер мемлекетаралық каналдарда бірлескен жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы уағдаласты. Бұл Қазақстанның Түркістан облысы мен Өзбекстанның Жизақ облысының шаруаларына су беру сапасын жақсартады.

«Кездесуде талқыланған тағы бір тақырып Сырдария өзенінде суды есепке алуды автоматтандыру мәселесі болды. Осыған дейін біз есеп жүйесі орнатылатын алғашқы 10 нүктені анықтадық. Әр елдің аумағында 5 нүктеден. Бүгін жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін техникалық тапсырманы келістік. Ақпан айында ортақ іс-қимылды талқылау үшін халықаралық ұйымдардың өкілдерімен бірлескен жұмыс тобының кездесуі өтеді» Нұржан Нұржігітов

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -