Қазақстанның Сыртқы істер министрі Катар елшісін қабылдады

5830
Фотосурет: Gov

Қазақстан Сыртқы істер министрі Қатар Елшісін қабылдады, деп хабарлайды DKnews.kz.

 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қатар Мемлекетінің Қазақстандағы Елшісі Абдалла Хусейн Джаберді қабылдады.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Қатар саяси диалогының жоғары деңгейін, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылдың үдемелі дамуын атап өтті. Екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланып, биік және жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесі қаралды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылы Қатарға ресми сапары аясында қол жеткізілген перспективалы инвестициялық жобалар бойынша уағдаластықтарды іске асыруға ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша сұхбаттастар көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге өзара мүдделілігін растады және барлық өзекті мәселелер бойынша іс-қимылды жалғастыруға келісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -