ШЫҰ мен Қазақстан – өңірлік тұрақтылықтың сенімді серіктестігі

2695
Фотосурет: Gov

Қазақстан СІМ-де ШЫҰ кеңістігінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша келіссөздер өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы (ӨТҚҚ) Атқару комитетінің жаңадан тағайындалған директоры Уларбек Шаршеевпен кездесті.

Тараптар өңірдегі қауіпсіздік және тұрақтылықты қамтамасыз ету саласындағы ахуалдың дамуы жөнінде пікір алмасып, 2024 жылғы 4 шілдеде өткен ШЫҰ Астана саммитінің қорытындыларын іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

А.Рахметуллин ӨТҚҚ-нің терроризм, сепаратизм және экстремизмге қарсы іс-қимылда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің бірлескен күш-жігерін үйлестіру жөніндегі қызметін жоғары бағалады. Қазақстанның Атқару комитетімен практикалық әріптестігінің озық деңгейін атап өтіп, бірлескен жұмысқа, оның ішінде ШЫҰ-ны жетілдіру мәселелеріне қолдау білдірді.

Сондай-ақ тараптар өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған ӨТҚҚ қызметінің одан әрі даму перспективаларын талқылады.

Кездесу соңында А.Рахметуллин У.Шаршеевті тағайындалуымен құттықтап, осы лауазымда табысты жұмыс тіледі.

ШЫҰ ӨТҚҚ Атқару комитеті – терроризм, сепаратизм және экстремизмге қарсы күресте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдарына жәрдемдесу, үйлестіру және өзара іс-қимыл жасауға Ұйымның тұрақты жұмыс істейтін органы.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -