Жасанды интеллект жүйесі бар алғашқы бюджеттік смартфон HONOR X8c жасанды қалай жұмыс істейді, деп хабарлайды DKnews.kz.
HONOR өз санатындағы алғашқы смартфонды Android 15 негізіндегі жаңартылған MagicOS 9.0 операциялық жүйесіне кіріктірілген жекелендірілген ЖИ жүйесі бар X8c моделін ұсынады. Жасанды интеллект пайдаланушының өмір салты мен әдеттеріне бейімделіп, күнделікті тапсырмаларды орындау тәсілін өзгертеді. MagicOS 9.0 жаңартылған нұсқасы смартфонмен жұмысты әлдеқайда әсерлі етіп, тапсырмаларды орындауды жылдамдатады және танымал қызметтер мен қолданбалармен өзара әрекеттесуді жеңілдетеді.
Magic Portal: әр сценарийге арналған ақылды көмекші
Magic Portal жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, пайдаланушы хабарламалары мен ниеттерін талдайды және оларды автоматты түрде қажетті қолданбаларға бағыттайды. Мысалы, егер хабарламада мекенжай көрсетілсе, жүйе оны карталарда ашуды ұсынады. MagicOS 9.0 танымал сервистермен интеграцияны кеңейтіп, Google, Microsoft, WhatsApp, Snapchat, TikTok, Bolt, eBay және басқа да платформалармен өзара әрекеттесуді жақсартады.
Magic Capsule: ақпаратқа жылдам қол жеткізу
Magic Capsule динамикалық хабарландырулар арқылы пайдаланушыларға қажетсіз әрекеттерге уақыт жоғалтпай, тапсырмаларды бірден басқаруға мүмкіндік береді. Бір түртсеңіз жеткілікті - керекті ақпарат көз алдыңызда. Яғни хабарламаларға лезде жауап беру, қолданбалар арасында ауысу, музыканы басқару немесе маңызды жаңартуларды қабылдау секілді қызметтер смартфонды одан да ыңғайлы әрі тиімді етеді.
AI камера: артық мәліметтерсіз мінсіз фотосуреттер
HONOR X8c кеңейтілген AI бейнелеу құралдарын ұсынады:
- AI өшіргіші – фонды дәл анықтап, фотосуреттерден қажетсіз нысандар мен мәтінді жояды.
- Ультра таза түнгі режим – аз жарықта да кадрларды жарқын әрі айқын етеді.
- AI сельфи – интеллектуалды жарықтандыру және кең бұрышты режимі бар жақсартылған портреттік түсірілімдер.
HONOR X8c жасанды интеллект технологияларын қолжетімді етіп, пайдаланушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Қуатты AI, ыңғайлы интерфейс және жетілдірілген камералар смартфонды байланыс пен жұмыстан бастап шығармашылық пен ойын-сауыққа дейін күнделікті өмірде сенімді көмекшіге айналдырады.