Қытайдағы ШЫҰ саммитіне дайындық: басты назарда қандай мәселелер?

1969
Фотосурет: Gov

Қытай тарапының төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің ұлттық үйлестірушілер кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстандық делегацияны ҚР Ұлттық үйлестірушісі, Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Мұрат Мұқышев басқарды.

Қатысушылар 2024 жылы ШЫҰ Астана саммитінің уағдаластықтарын іске асыру барысын талқылады. Ұйымның қызметін жетілдіру мәселелері бойынша, сондай-ақ Қытайда өтетін мемлекет басшыларының саммитіне дайындықты қоса алғанда, 2025 жылы болатын биік және жоғары деңгейдегі іс-шараларды мазмұндық толықтыру бойынша жан-жақты пікір алмасу жүргізілді.

Шарттық-құқықтық базаны өзектендірудің әртүрлі аспектілеріне ерекше назар аударылды. Ұлттық үйлестірушілер ШЫҰ-ны тиімді және мобильді көпжақты құрылымға айналдыру мақсатында мүше мемлекеттер ұсынған барлық ұсыныстарды егжей-тегжейлі пысықтауға келісті.

«ШЫҰ-ны жаңғырту бойынша талқыланған мәселелері 2024 жылғы 4 шілдеде Астанада өткен саммитте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының қол жеткізген уағдаластықтарын іске асыру негізінде жатыр. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін жетілдірудің барлық аспектілері бойынша консенсус тәсілін әзірлеу маңызды» Мұрат Мұқышев

Сонымен бірге тараптар ШЫҰ-ның диалогтық серіктестігі мен Ұйымның халықаралық ынтымақтастығын тереңдету мәселелерін талқылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -