Қазақстанға алтын! Шайдоров Денис Теннің триумфын қайталады

1705
Фотосурет: @Turizm_jane_sport_ministrligi

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Сеулде өткен Төрт құрлық чемпионатында тарихи жеңіске жетіп, Денис Теннің жетістігін қайталады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ол қос бағдарлама қорытындысы бойынша 285.10 ұпай жинап, өз мансабындағы ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Жалпы рейтинг:

  • Михаил Шайдоров – 285.10 ұпай
  • Ча Джун Хван (Қысқы Азия ойындарының чемпионы) – 265.02 ұпай
  • Джимми Ма – 245.01 ұпай

Бұл жеңіс Қазақстан мәнерлеп сырғанауы үшін тарихи оқиға. Дәл осыдан 10 жыл бұрын дәл осы Сеулде Денис Тен Төрт құрлық чемпионатында топ жарып, қазақ спортында ерекше белес орнатқан еді. Енді Михаил Шайдоров оның жетістігін қайталап, еліміздің мәнерлеп сырғанаудағы даңқты дәстүрін жалғастырып отыр.

20 жастағы спортшы бұл жеңіске ерекше сенімділікпен жетті. Ол негізгі бағдарламасында қазіргі мәнерлеп сырғанауда сирек кездесетін аса күрделі үш аксель + төрт сальхов секірісін орындады. Бұл элемент қазіргі таңда басқа спортшылардың бағдарламасында жоқ.

Шайдоров жақында Харбинде өткен Қысқы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алып, енді Сеулде Азиаданың чемпионы Ча Джун Хван мен АҚШ өкілі Джимми Маны басып озды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -