Саясат, экономика, мәдениет: Қазақстан мен Франция байланыстарды нығайтуда

1100
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Француз Республикасының Қазақстандағы Елшісі Сильван Гиогемен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Сұхбат барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-француз ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары талқыланды.

Сұхбаттастар өткен жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы қарашада Францияға мемлекеттік сапары барысында, сондай-ақ екі мемлекет басшыларының 2024 жылғы желтоқсанда Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен «One Water Summit» саммитіне қатысуы нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар индустриялық даму, энергетика, логистика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім және мәдениет салаларындағы Қазақстан-Франция ынтымақтастығын ілгерілетудегі қол жеткізілген жетістіктерді құптады.

Сонымен қатар 2025 жылға жоспарланған өзара сапарлар мен екіжақты іс-шаралар кестесін қарастырып, өңірлік және жаһандық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Қазақстан мен Франция арасындағы ЕО, БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар Астана мен Париж арасындағы стратегиялық серіктестікті барлық салаларда одан әрі тереңдетуге өзара бейілділігін растады.

Қазақстан – Францияның Орталық Азиядағы негізгі сауда-экономикалық және инвестициялық серіктесі. 2024 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 31%-ға өсіп, 5,5 млрд АҚШ долларына жетті. Францияның Қазақстан экономикасына салған инвестициясының көлемі шамамен 20 млрд долларды құрайды. Қазақстанда француз капиталының қатысуымен 200-ден астам компания жұмыс істейді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -