Қазақстан қызмет экспортын кеңейтуде

1463
Фотосурет: mazhilis_kz

Қазақстанның қызмет экспорттаушылары ТМД елдері нарығына шыға алады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Мәжіліс көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялар құру, қызметі және оларды жүзеге асыру туралы келісімді ратификациялды. Құжатқа 2023 жылғы 8 маусымда Сочи қаласында қол қойылған.

Келісім Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының еркін сауда аймағының тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ТМД-ға мүше мемлекеттер экономикасының одан әрі дамуына қолайлы жағдай жасайды.

Құжатта инвестицияларды реттейтін ережелер қамтылған, бұл өз кезегінде ТМД елдеріндегі қолайлы іскерлік ахуалды қамтамасыз етуге айтарлықтай серпін береді. Сонымен қатар қолданыстағы екіжақты инвестицияларды қорғау және ынталандыру туралы келісімдерді толықтыруға және дамытуға жол ашады.

Келісімді ратификациялау Қазақстанға сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, отандық қызметтердің ТМД елдері нарығындағы экспортын арттыруға және елімізге келетін инвестициялар көлемін ұлғайтуға ықпал етеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -