Қазақстанда әлемдік деңгейдегі кино білім беру басталды

1320
Фотосурет: Gov

Қазақстанда New York Film Academy кампусы ашылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанда New York Film Academy (NYFA) филиалы өз жұмысын бастады. Ол – АҚШ-тан тыс үшінші NYFA кампусы және Қазақстанда ашылған әлемдік деңгейдегі алғашқы шығармашылық университет.

Қызметті бастау туралы келісімге қол қоюдың онлайн-рәсімі 1 наурызда Energo University-дің алаңында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен New York Film Academy президенті Майкл Янгтың қатысуымен өтті.

Әлемге әйгілі академияның филиалында оқу осы жылдың 29 қыркүйегінде Алматы маңындағы Қаскелең қаласындағы Energo University-дің Креативті индустриялар паркінің аумағындағы заманауи кампуста басталады.

Филиалда оқытуды АҚШ-тан арнайы келетін NYFA кәсіби дәріскерлері бір жылдық және қысқа мерзімді оқу бағдарламалары аясында бес бағыт бойынша жүргізеді: Кино (Filmmaking); Продюсерлік ету (Producing); Сценарийлік іс (Screenwriting); Анимациялау және визуалды әсерлер (3D animation & VFX); Ойын әзірлеу (Game design).

Академияның алғашқы қабылдауына Қазақстаннан және өңірдің көрші елдерінен (Қытай, Үндістан, Ресей және т.б.) 200-ге дейін студент қабылдау жоспарлануда. Оқуды бітіргеннен кейін түлектер Америка университетінің дипломдарын және Нью-Йоркте немесе Лос-Анджелесте оқуын жалғастыра алады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -