Жоғары аудиторлық палата КРЕМ қызметінің тиімділігіне баға берді

1188
Фотосурет: Gov

Жоғары аудиторлық палатада ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің жұмысына жүргізілген аудит қорытындылары қаралды, деп хабарлайды DKNews.kz.


 
ҚР Жоғары аудиторлық палатасының отырысында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті (ТМРК) қызметінің тиімділігіне жүргізілген аудиттің қорытындылары қаралды. 

Табиғи монополия белгілі бір нарықта бәсекелес жағдай жасау мүмкін болмағанда немесе экономикалық тұрғыдан орынсыз болған кезде пайда болады. Бұл белгілі бір тауарларды өндіру мен көрсетілетін қызметтердің технологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Бұған мұнай мен газды магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау, теміржол тасымалы, электр энергиясын беру мен тарату және т.б. жатады.

ТМРК-нің негізгі міндеті – тұтынушылар, мемлекет және табиғи монополия субъектілері (ТМС) мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету. Аудит барысында Комитеттің және оның өңірлік департаменттерінің жекелеген функциялары мен практикалары пысықтауды және жетілдіруді талап ететіні анықталды. 

Мәселен, ТМС мемлекеттік тіркелімін есепке алу мен өзектілендіруге жүргізілетін бақылауды арттыру қажет. Заңға сәйкес тіркелімге қосу және одан алып тастау субъектінің өтініші бойынша жүзеге асырылады. Алайда бұл тіркелімде қызметін тоқтатқан компаниялардың болуына жағдай жасайды. 

«Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыруда да жекелеген кемшіліктер анықталды. Оның барлық тармақтарының орындалғанына қарамастан, бағдарламаның қолданысын кеңейту біркелкі жүргізілмеген. Бұл ТМС-ны тарту деңгейі қазіргіден жоғары болуы мүмкін екенін білдіреді. Нәтижесінде басталып қойған жобаларды қолдауға басымдық берілген. 

ТМРК тарифтерді көтеру есебінен тұтынушыларға түсетін жүктеменің біркелкі әрі теңгерімді болуы тұрғысынан мұқият талдау жүргізуі керек. 

Аудит барысында анықталған рәсімдік бұзушылықтар мен жүйелік кемшіліктерді жою үшін Үкіметке және уәкілетті мемлекеттік органдарға қажетті ұсынымдар мен тапсырмалар берілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -