Қазақстан мен Аустрия серіктестік қатынастарын кеңейтуде.

3828
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасы мен Аустрия Республикасы дипломатиялық паспорт иелерін визалық талаптардан босату және заңсыз жүрген тұлғаларды реадмиссиялау жөніндегі үкіметаралық келісімдерге қол қойды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан тарапынан құжаттарға ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов пен ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев қол қойды. Аустриялық тарапынан рәсімге Аустрияның Қазақстандағы Елшісі Андреа Бахер қатысты.

Жасалған келісімдер Қазақстан мен Аустрия арасындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейтіп, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға, ресми сапарларды жеңілдетуге және көші-қон саясаты саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.

Бұл қадам екі мемлекет арасындағы жоғары деңгейдегі өзара сенімділікті көрсетеді және олардың саяси, экономикалық және гуманитарлық салалардағы әріптестік қатынастарды одан әрі дамытуға дайындығын айқындайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -