Канн-2025: Қазыбек Нөгербек беделді турнирдің үздік шахматшыларының қатарында

1551
Фотосурет: KаzChess

20 жасар Қазыбек Нөгербек Канн қаласында (Франция) өткен Festival International des Jeux 2025 өкілді шахмат турнирінде 3-ші орынға ие болды, деп хабарлайды DKnews.kz.

9 партияда біздің гроссмейстер 7 ұпай жинады.

2025 жылғы 24 ақпаннан 2 наурызға дейін Канн қаласында (Франция) өткен дәстүрлі Халықаралық ойын фестивалінің (Festival International des Jeux) бағдарламасына үш шахмат турнирі қарастырылған болатын:

  • A турнирі (Эло рейтингі – 2200 және одан көп);
  • B турнирі (Эло рейтингі – 2100 және одан аз, рейтинг диапазоны 2100–2200 ойыншыларға A немесе B турнирін таңдауына мүмкіндік берілді);
  • C турнирі (Эло рейтингі – 1600 және одан аз, рейтинг диапазоны 1600–1700 ойыншыларға B немесе C турнирін таңдауына мүмкіндік берілді).

А турниріне 147 шахматшы, соның ішінде 6 гроссмейстер (GM), 21 халықаралық шебер (IM) және әйелдер арасындағы 2 гроссмейстер (WGM) қатысты. 7 күннің ішінде швейцариялық жүйе бойынша және әр ойыншыға бірінші 40 жүріске 90 минут және партияның соңына дейін 30 минут беріліп, әр жасаған жүрісі үшін біріншісінен бастап 30 секунд қосылатын классикалық уақыт бақылаумен 9 тур ойналды.

Соңғы турда жеребе тартылып, қазақстандық екі гроссмейстер – 24 жасар Әлішер Сүлейменов (2481) пен 20 жастағы Қазыбек Нөгербек (2514) бақ сынасты. Қара фигуралармен ойнаған 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы 2024 жылдың әлем чемпионы қарсыласынан басым түсіп... 3-орынға көтерілді! 7 ұпай жинаған (6 жеңіс, 2 тең ойын және 1 жеңіліс) Қазыбек жеңімпаз атанған 22 жасар Үндістаннан шыққан гроссмейстер Па Инияннан (2523) жарты ұпай, ал оның отандасы IM Гарг Арадхьядан (2348) ең нашар рейтинг перформансы бойынша ғана – 2580-ге қарсы 2590 көрсеткішімен қалып қойды. Турнир нәтижесі бойынша астаналық ойыншы өзінің рейтингіне 7 ұпай қосты.

10 000 еуроға тең жүлде қорынан жеңімпаз және екі жүлдегер кубокқа қоса сәйкесінше €1800, €1200 және €700 алды.

Жарысқа қатысқан Қазақстанның басқа шахматшыларының нәтижесі төмендегідей: Әлішер Сүлейменов – 6 ұпай, 16-шы орын, 11 жасар Аланна Берікқызы (2015) – 4 ұпай, 86-шы орын, 12 жасар Тимур Душатов (2102) – 4 ұпай, 93-ші орын.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -