Қазақстан және ИЫҰ: өзекті мәселелер бойынша шешімдерді бірлесіп іздеу

4378
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің төтенше сессиясы аясында Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен, Малайзияның Сыртқы істер министрі Мохамад Хаджи Хасанмен, Индонезияның Сыртқы істер министрі Сугиономен, Пәкістанның Сыртқы істер министрі Мухаммад Исхак Дармен, Оманның Сыртқы істер министрі Бадр Әл-Бусаидимен, Иранның Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Аракчимен және Бахрейннің Сыртқы істер министрі Абдуллатиф Әл-Заянимен кездесулер өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кездесулер барысында саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың өзекті мәселелері, сондай-ақ ағымдағы жылға арналған бірлескен іс-шаралар кестесі талқыланды.

Транзит-көліктік және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл бөлінді.

Сонымен қатар министрлер жаһандық күн тәртібін талқылап, халықаралық ұйымдар аясындағы белсенді жұмысты жалғастыруға келісті.

Кездесулердің нәтижелері тараптардың серіктестікті нығайтуға және өзекті мәселелер бойынша шешімдерді бірлесіп іздеуге өзара мүдделілігін растады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -