Қазақстан мен Әзірбайжан: миллиардтаған тауар айналымы және инвестициялық өсім

2453
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға ресми сапармен келген Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Әзербайжан министрінің сапары Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы Стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастар туралы шарттың 20 жылдығы (2005 жылғы 24 мамыр) аясында өтті, бұл мемлекетаралық ынтымақтастықтың берік және ұзақ мерзімді сипатын көрсетеді.

Кездесу барысында саясат, сауда, экономика, энергетика, көлік, транзит, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды қоса алғанда, екіжақты өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымы талқыланды.

Қазақстанның Сыртқы істер министрі екіжақты қарым-қатынастардың серпінді дамуын атап өтіп, мемлекет басшыларының стратегиялық мақсаттарға қол жеткізудегі саяси ерік-жігерінің рөлін атап өтті.

«Қазақстан мен Әзербайжан өзара түсіністік пен сенімнің жоғары деңгейін көрсетеді, бұл біздің барлық салалардағы ынтымақтастығымызды дәйекті түрде дамытуға мүмкіндік береді. Біз өзара іс-қимылды, әсіресе сауда-экономикалық және инвестициялық салаларда одан әрі кеңейтуге бағытталғанбыз» Мұрат Нұртілеу

Тараптар соңғы бес жылда қабылданған шаралардың арқасында бес есеге ұлғайып, 2024 жылы 533,4 млн АҚШ долларына жеткен тауар айналымының айтарлықтай өскенін қанағаттанушылықпен атап өтті. Экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мақсатында бұл көрсеткішті 1 млрд долларға дейін жеткізу ниетін растады.

Келіссөздердің маңызды тақырыбы энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайту болды. Министрлер Әзербайжан аумағы арқылы қазақстандық энергоресурстардың транзиті саласындағы табысты өзара іс-қимылды құптады. Баку-Тбилиси-Джейхан құбыры арқылы мұнайды тасымалдау көлемі 2024 жылдың қорытындысы бойынша 1,4 млн тоннаны құрады, ал орта мерзімді перспективада жылына 2,2 млн тонна деңгейіне жету күтілуде.

«Біз Қазақстанды Орталық Азиядағы басты серіктес ретінде қарастырамыз. Бүгінгі келіссөздер көлік, инвестициялар, энергетика және білім беруді қоса алғанда, түрлі бағыттардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға деген өзара ұмтылысты растады» Деп мәлімдеді Д.Байрамов

Тараптар ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік кооперация, ғарыш және телекоммуникация саласындағы өзара іс-қимылды жандандыруға келісті. Ынтымақтастықты нығайтуға 2024 жылы құрылған Қазақстан-Әзербайжан тікелей инвестициялардың инвестициялық қоры ықпал етеді.

Келіссөздер барысында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа баса назар аударылды. Соңғы екі жылда елдерде Қазақстан мен Әзербайжанның мәдениет күндері өтті. 2025 жылғы наурызда Бакуде Қазақстанның 23 университетінің қатысуымен қазақстандық жоғары білім беру күндері өтті, оның қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы 40 меморандумға қол қойылды.

Министрлер сондай-ақ өңірлік және жаһандық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады, БҰҰ, ТМҰ, АӨСШК, ТМД, ИЫҰ және Каспий саммиті шеңберінде одан әрі ынтымақтастыққа дайындығын растады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша 2025-2026 жылдарға арналған сімаралық өзара іс-қимыл жоспарына қол қойылды.

Ресми сапар аясында Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Д.Байрамов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында да болды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -