Ірі түрік инвесторы Қазақстанда ірі жобаларды жоспарлап отыр

5203
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «Çalık Holding» түрік холдингінің басшысы Ахмет Чалыкты қабылдады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, соның ішінде Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. Жер қойнауын пайдалану, агроөнеркәсіптік кешен, энергетика және логистика салаларындағы серіктестік мәселелеріне ерекше назар аударылды.

А.Чалык холдингтің Қазақстандағы қызметін кеңейтуге мүдделі екенін білдірді. Атап айтқанда, түсті металдарды өндіру, Қостанай облысында дәнді-бұршақты және майлы дақылдарды қайта өңдеу зауытын салу, сондай-ақ газ саласындағы жобаларға қатысу жоспарлары қарастырылды.

«Çalık Holding» – 34 елде қызмет атқаратын Түркияның ірі қаржы-өнеркәсіптік топтарының бірі. Компания Орталық Азия, Балқан және Таяу Шығыста ірі инфрақұрылымдық, энергетикалық және өнеркәсіптік жобаларды табысты жүзеге асырып келеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -