ШЫҰ Қорғаныс министрлері кеңесіне дайындалуда

2651
Фотосурет: Gov

ҚХР-да ШЫҰ-ға мүше елдер қорғаныс министрлерінің кеңесін өткізу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің делегациясы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрліктері құрылымдық бөлімшелері басшыларының бірінші отырысына қатысты.

Халықаралық әскери ынтымақтастыққа жауапты ШЫҰ-ға мүше елдер қорғаныс ведомстволары өкілдерінің кездесуі Циндао қаласында өтті. Тараптар ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері кеңесінің іс-шаралар бағдарламасын, күн тәртібін, хаттама жобаларын және бірлескен коммюникесін талқылады.

Отырыста бұған қоса, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрліктері ынтымақтастық жоспарының жобасы да қаралды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -