Қазақстан Әділетті әлем туралы бастамасын БҰҰ-да ұсынды

4840
Фотосурет: Gov

Қазақстан Президентінің бастамасы БҰҰ-ның ресми құжаты ретінде жарияланды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 4 шілдеде Астанада өткен «ШЫҰ плюс» саммитінде ұсынылған «Әділетті жаhан мен келісім үшін әлем бірлігі туралы» бастамасы Біріккен Ұлттар Ұйымында Бас Ассамблеяның (A/79/807) және Қауіпсіздік кеңесі (S/2025/132) ресми құжаттары ретінде таратылды.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының Мемлекет басшылары кеңесі мақұлдаған бастама көпжақты өзара іс-қимылды нығайтуға және БҰҰ-ның орталық үйлестіруші рөлімен неғұрлым әділ, инклюзивті және демократиялық әлемдік тәртіпті ілгерілетуге бағытталған.

Құжаттың негізгі элементтері әділ бейбітшілік формуласын бірлесіп іздеуге, жаһандық диалогты кеңейтуге, тұрақты экономикалық дамуды, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және климаттың өзгеруімен тиімді күресуге шақыру болып табылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -