Халықаралық сарапшылар Қазақстанның Жоғарғы аудит палатасының жұмысын жоғары бағалады

2717
Фотосурет: Gov

ҚР Жоғарғы аудиторлық палатасын «дәрежесі бойынша тең» форматында тексерудің 2-кезеңі аяқталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Литва, Португалия және Түркияның жоғары аудит органдарының мамандары Португалия Аудиторлар сотының вице-президенті Антонио Мартинстың басшылығымен ҚР Жоғарғы аудиторлық палатасының қызметін «дәрежесі бойынша тең» форматында тексерудің 2-кезеңін өткізу үшін Астанаға жұмыс сапарымен келді. Бұл топтың елімізге алғашқы жұмыс сапары 2024 жылғы шілдеде өткен болатын.

Аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкестігін анықтауға бағытталған мұндай тексерулерді көптеген ел белгілі бір кезең сайын өткізіп отырады. Бағалауды «дәрежесі бойынша тең» шетелдік ведомстволардың өкілдері жүргізеді. Бұл бағалаудың сапасы мен объективтілігін қамтамасыз етеді. Мұндай шаралар тәжірибе алмасуға және қабылдаушы елде мемлекеттік аудит деңгейін арттыруға септігін тигізеді.

Жұмыс сапары барысында шетелдік аудиторларЖоғары аудиторлық палата төрағасы және мүшелерімен, сондай-ақ негізгі мүдделі тараптармен және аудит объектілерімен кездесті. Атап айтқанда, Мәжіліс депутаттары, Қаржы министрлігінің қызметкерлері және Astana Hub технопаркінің өкілдерімен кездесулер өтті.

Серіктес елдердің жоғары аудит органдарының өкілдері Жоғары аудиторлық палатаның жұмысын терең зерделеді. Олар аудиттердің сапасы қалай қамтамасыз етілетінін, әдістеменің қандай қағидаттарға негізделетінін, тексерілетін нысандар қалай таңдалатынын және басқа да мәселелерді талдады. Ішкі бақылау жүйесіне, аудит процестеріне және нақты тексерулердің материалдарына ерекше назар аударды. Сонымен қатар сарапшылар Палатаның қоғаммен байланыс тәсілдерін және цифрлық шешімдерді енгізуін бағалады.

Шетелдік аудиторлармен кездесуде Әлихан Смайылов Жоғарғы аудиторлық палатаның объективті талдамалық орталық ретіндегі рөлін біртіндеп нығайтып келе жатқанын атап өтті.

«Біз аудит есептерінде тексерушілік функциялардан алыстап, экономиканың нақты салаларында немесе жекелеген өңірлерде реформалардың орындалуына баға беруге ерекше назар аударудамыз. Осы жұмысты үйлестіру үшін Жоғары аудиторлық палата мүшелері экономиканың әрбір саласына жеке жауапты болады» Әлихан Смайылов

«Дәрежесі бойынша тең» тексерудің қарқыны мен ауқымын жоғары бағалаған Әлихан Смайылов бұл шараның Қазақстандағы мемлекеттік аудит жүйесін дамыту үшін маңызы зор екенін айтты.

«Сіздердің бұл сапарларыңыз Жоғарғы аудиторлық палатаның жұмысын жетілдіруге бағытталған аса маңызды әрі пайдалы ұсынымдарды қалыптастыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін» Әлихан Смайылов

Келесі жұмыс сапары 2025 жылғы қазан айына жоспарланған. Жиында «дәрежесі бойынша тең» форматында жүргізілген тексерудің есебі қорытындыланады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -