Қазақстан мен Түрікменстан азаматтардың өзара сапарларын жеңілдетеді

1518
Фотосурет: Gov

Астанада консулдық мәселелер бойынша қазақ-түрікмен консультациялары өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Түрікменстанның сыртқы саяси ведомстволары арасында екі мемлекеттің құзыретті органдары өкілдерінің қатысуымен консулдық мәселелер бойынша кезекті қазақ-түрікмен консультациялары өтті.

Қазақ делегациясын СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Азамат Аубеков, ал түрікмен делегациясын СІМ Консулдық қызмет департаментінің басшысы Довлетмырат Муратов басқарды.

Конструктивті және достық атмосферада өткен консультациялар барысында тараптар консулдық саладағы екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйін талқылады. Атап айтқанда, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, азаматтық мәселелер, сондай-ақ екі ел азаматтарының өзара сапарларына қатысты жағдайларға ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тиісті хаттамаға қол қойып, консулдық қатынастардың барлық саласы бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -