Алматыда Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық диалог басталды

2145
Фотосурет: @PressMFAKZ

Алматыда Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі, Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван Идің қатысуымен Стратегиялық диалогтың екінші отырысы басталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от MFA Kazakhstan (@mfa_kz)

Қазақстан СІМ басшысы еліміздің Қытаймен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға және жан-жақты мәңгілік стратегиялық серіктестікті нығайтуға ерекше мән беретінін атап өтті.

Келіссөздер барысында министрлер саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылап, биік және жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын қарастырады деп жоспарлануда.

Кездесу қорытындысы бойынша Гуанчжоу қаласында Қазақстанның Бас консулдығын ашу туралы келісімге және 2026–2028 жылдарға арналған Сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік меморандумына қол қойылады деп күтілуде.

Қытай Сыртқы істер министрі Алматыда 26 сәуірде өтетін «Орталық Азия – Қытай» форматындағы сыртқы істер министрлері кездесуіне қатысу үшін жұмыс сапарымен келді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -