Қасым-Жомарт Тоқаев Фридрих Мерцті Германияның Федералдық Канцлері болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Президент екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің ауқымы кеңейіп келе жатқанын ризашылықпен атап өтіп, қазақ-герман ынтымақтастығының жоғары қарқынын сақтау үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін растады.