Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының оныншы отырысы өтті (ЖДЖТ), деп хабарлайды DKnews.kz.
Келіссөздерге Әзербайжан Республикасының (жетекшісі – Самир Шарифов), Иран Ислам Республикасының (жетекшісі – Алиреза Джахангири), Қазақстан Республикасының (жетекшісі – Зульфия Аманжолова), Ресей Федерациясының (жетекшісі – Михаил Петраков) және Түрікменстанның (жетекшісі – Мурат Атаджанов) делегациялары қатысты. Отырысқа Ресей делегациясының басшысы М.Петраков төрағалық етті.
Тараптар Каспий теңізінде бастапқы тік сызықтарды белгілеу әдістемесін талқылауды жалғастырды. Отырыс аясында тараптар Каспий теңізіндегі ынтымақтастыққа шолу жасап, сыртқы істер министрлерінің кезекті кездесуіне дайындық мәселелерін қарастырды.
Делегациялар Ресей Федерациясына кездесуді ұйымдастырудың жоғары деңгейі үшін ризашылықтарын білдірді.
ЖДЖТ келесі отырысы Түрікменстанда дипломатиялық арналар арқылы келісілген мерзімде өтеді.