Қазақстан мен ЮНИСЕФ балалардың құқықтарын қорғау саласында бірлескен бастамалар дайындауда

1254
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша өңірлік директоры Реджина Де Доминичиспен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен ЮНИСЕФ арасындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен 2026–2030 жылдарға арналған жаңа Елдік бағдарламаның негізгі бағыттарын талқылады. 

Қазақ дипломаты балалардың құқықтарын қорғау саласындағы озық халықаралық тәжірибелерді енгізуге қолдау көрсетіп келе жатқан белсенді жұмысы үшін ЮНИСЕФ өкіліне алғыс білдірді.

Р. Де Доминичис ЮНИСЕФ Қазақстанда балалардың денсаулығын қорғауға, инклюзивті білім беруді дамытуға, балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауға, цифрлық қауіпсіздікке, сондай-ақ психикалық денсаулық мәселелеріне және орнықты даму саласындағы ұлттық басымдықтарға жауап беретін әлеуметтік қорғау жүйелерін нығайтуға бағытталған бағдарламаларды іске асыруды жалғастыратынын атап өтті.

Кездесу соңында, тараптар биыл наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен қолдау тапқан Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығының әлеуетін пайдалана отырып, балаларды қорғау саласындағы күш-жігерді үйлестіру туралы уағдаласты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -