Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады

4466
Фотосурет: Ақорда

Президент бірқатар мемлекеттің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен және БАӘ Вице-президенті шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті.

Шет мемлекеттер басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, Қазақстан халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -