Тоқаев Румынияның жаңа Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2981
Фотосурет: Gov

Мемлекет басшысы Румыния Президенті Никушор Данға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данды Румыния Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.

"Бұл жеңісіңіз – халқыңыздың Сізге және Румынияның дамуын баянды етуге бағытталған маңызды жоспарларыңызға көрсеткен қолдауы мен сенімінің айқын дәлелі деп білемін. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында Астана мен Бухарест арасында қалыптасқан дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастық алдағы уақытта да нығая түсетініне үмітім зор" Қасым-Жомарт Тоқаев

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -