Қазақстандық делегация Қорған облысының ірі кәсіпорындарында болды

1529
Фотосурет: Gov

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаевтың Қорған облысына жұмыс сапары өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Делегация құрамына сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Гауез Нұрмұхамбетов, АҚ «Kazakh Export» Төраға кеңесшісі Александр Цыганков, қазақстандық кәсіпорындардың басшылары кірді.

Өңір губернаторы Вадим Шумковпен кездесу барысында ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Қазақстан өзара сауда көлемі бойынша Қорған облысының шетелдік әріптестері арасында дәстүрлі түрде жетекші орын алады. Өңірдің сыртқы сауда айналымындағы Республиканың үлесі кемінде үштен бірін құрайды. Мұнда Солтүстік Қазақстан облысы көшбасшы болып табылады.

Тараптар кедендік шекара арқылы тауарлардың қозғалысына қатысты артық бөгеттер мен шектеулерді жоюға келісті.

Елші Қорған кәсіпкерлерін қазақстандық серіктестермен байланысты жандандыруға шақырды. Ол ҚР Үкіметінің жанынан Инвестициялық штаб құрылғанын, оның шешімдерін орындау міндетті екенін еске салды. Сондай-ақ, тараптар Солтүстік Қазақстан және Қорған облыстарының әлеуеттерінің тұсаукесерлерімен танысты.

Кездесу қорытындысы бойынша:

  • Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен Қорған облысының Үкіметі арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық және өзге де салалардағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру мақсатында Жол картасына;
  • «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының Басқарушы компаниясы» ЖШС мен «Кургандормаш» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға;
  • «Солтүстік» ӘКК» АҚ инвесторларға қызмет көрсету және инновацияларды қолдау орталығы мен «Кургансемена» агрокешені» ЖШҚ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға;
  • Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы мен Қорған облысының Сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Іскерлік байланыстарды нығайту мақсатында қазақстандық делегация Индустриялық паркте, сондай-ақ «Кургандормаш», «Курганстальмост» және «Вездеходы «Бурлак» кәсіпорындарында болды.

Сапар аясында қазақстандық делегация Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу үшін мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Сапар соңында Елші Қорған облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясы өкілдерімен кездесті. Қазір өңірде 12 мыңға жуық отандастарымыз тұрады.

Өзара іс-қимылдың әртүрлі аспектілері, ана тілін меңгеру мәселелері және бірлескен гуманитарлық жобалар қарастырылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -