Оңтүстік Қазақстан мен Каринтия 2016 жылғы ынтымақтастық туралы келісімді жаңғыртуды бастады

1331
Фотосурет: Gov

Қазақстан өңірлері Аустрияның федералды жерлерімен байланыс кеңейтуде, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанның Аустриядағы Елшісі Мұхтар Тілеуберді Аустрияның экономикалық дамыған аймақтарының бірі – Каринтия федералды жеріне жұмыс сапарымен барды.

М. Тілеуберді федералды жерінің басшысы Петер Кайзермен келіссөздер жүргізді, оның барысында екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен болашағы талқыланды. Қазақстан мен Аустрия өңірлері арасындағы серіктестік байланыстарды дамытуға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, тараптар 2016 жылы қол қойылған Оңтүстік Қазақстан облысы мен Каринтия федералдық жері арасындағы ниеттер туралы Хаттаманы іске асыру бойынша бірлескен күш-жігер жұмсауға уағдаласты.

Каринтия Экономикалық палатасының вице-президенті Отмар Петшнигпен кездесу барысында ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары, соның ішінде ауыл шаруашылығы, энергетика, машина жасау, өнеркәсіп және туризм, айқындалды. Аустриялық тарап Қазақстан үкіметінің халықаралық сауда саласында және елімізде қолайлы инвестициялық ахуал жасау жөнідегі қабылдап жатқан шараларын жоғары бағалады.

Сонымен қатар Елші жергілікті іскер топтармен бөлек кездесулер өткізді және «Glaunach GmbH» өнеркәсіптік шуылды тұмшалағыш өндіруге мамандандырылған компанияның және машина жасауға арналған синтетикалық металл сульфидтерін өндірумен айналысатын «Tribotecc» компаниясының кәсіпорындарына барды. Каринтия кәсіпкерлері қазақстандық инвестициялық жобаларға қызығушылық танытып, Қазақстанмен іскерлік байланыстарды одан әрі нығайтуға қызығушылық танытты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -