Тоқаев Иордания Королінің екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады

1441
Фотосурет: Ақорда

Президент Иордания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев II Абдалла бен әл-Хусейн мен оның отандастарын Иордан Хашимит Корольдігінің төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Иордания арасындағы сындарлы ынтымақтастықтың жыл өткен сайын нығайып келе жатқанына тоқталып, Королдің екіжақты қарым-қатынасты жан-жақты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізген.

Қасым-Жомарт Тоқаев II Абдалла бен әл-Хусейннің жауапты қызметіне толайым табыс, ал Иордания халқына бақ-береке тіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -