Қазақстан пенитенциарлық жүйені жаңғырту тәжірибесімен бөлісті

3113
Фотосурет: Gov

 Қазақстан делегациясы Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі БҰҰ Комиссиясының 34-ші сессиясының жұмысына белсенді қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Сессияның жалпы пікірталастарында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Станислав Василенко сөз сөйледі. Ол өз сөзінде Қазақстанның қылмыспен және терроризммен күрес жөніндегі халықаралық келісімдерге, оның ішінде БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына, Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясына және оларға қатысты хаттамаларға, сондай-ақ терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі барлық 19 халықаралық-құқықтық құжатқа берік ұстанымын ерекше атап өтті.

Сөз барысында «Жусан» және «Руссафа» операциялары аясында қақтығыс аймақтарынан оралған азаматтарды – әйелдер мен балаларды қосқанда, жалпы саны 754 адамды – репатриациялау және реинтеграциялау бойынша Қазақстанның табысты тәжірибесіне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ Станислав Василенко ұлттық пенитенциарлық жүйені реформалау туралы айта келе, Есірткі және қылмыс жөніндегі БҰҰ басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) белсенді қолдауымен Қазақстанның түрме жүйесі соңғы он жылда халықаралық стандарттарға сай дәйекті түрде жетілдіріле түскенін атап өтті.

Сонымен қатар Комиссия жұмысы аясында қазақстандық делегация БҰҰ ЕҚБ Терроризмге қарсы күрес департаментінің басшысы Роберто Арбитриомен кездесіп, онда түрлі бағдарламалар, соның ішінде қылмыстық сот төрелігі жүйесін оңалту және жетілдіру және киберқылмыс жобалары бойынша одан әрі өзара іс-қимыл және тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -