Тоқаев 2024–2028 жылдарға арналған Халықаралық көші-қон ұйымының стратегиялық жоспарын қолдады

3333
Фотосурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Миграция жөніндегі халықаралық ұйымның бас директоры Эми Поупты қабылдады, деп хабарлайды DKnews.kz.

АIF алаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Миграция жөніндегі халықаралық ұйымның – БҰҰ көші-қон жөніндегі агенттігінің бас директоры Эми Поуппен кездесті.

Әңгімелесу барысында миграция бойынша ынтымақтастықтың жай-күйі, мигранттардың құқығын қорғау және Ұйымның 2024-2028 жылдарға арналған стратегиялық жоспары шеңберіндегі өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы еліміз заңсыз көші-қон проблемаларын шешу, адам саудасына қарсы іс-қимыл және шет елдерде еңбек ететін қазақстандықтардың құқығын қорғау бағыттарында белсенді жұмыс жүргізетінін айтты.

Эми Поуп Қазақстанның Алматы процесіне 2025-2027 жылдардағы төрағалығының маңызын атап өтті. Бұл – аймақтық диалогты ілгерілетуге және Орталық Азиядағы көші-қонға байланысты проблемалардың шешімін бірлесіп іздеу шараларын үйлестіруге ықпал ететін консультативтік платформа.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эми Поуп ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге, сондай-ақ институционалды әлеуетті нығайтуға және аймақтағы көші-қонды орнықты басқаруға ықпал ету мақсатында озық тәжірибелермен алмасуға уағдаласты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -