Қазақстан мен Сербия арасындағы сауда диалогы: экономикалық әртараптандыруға басымдық

3080
Фотосурет: UKIMET

Қазақстан мен Сербия сауда ынтымақтастығын әртараптандыруға ниетті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Астана халықаралық форумы шеңберінде Премьер-министр орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Сербияның ішкі және сыртқы сауда министрі Ягода Лазаревичпен кездесті.

Кездесуде тараптар екі мемлекеттің көшбасшылары деңгейінде қалыптасқан екіжақты тұрақты ынтымақтастық серпінін атап өтті. Серік Жұманғарин Қазақстан Сербияны Орталық Еуропадағы маңызды сауда әріптесі ретінде таниды. Сауда-экономикалық байланыстарға ерекше назар аударылып отыр: 2024 жылғы қорытынды бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 9,7%-ға артып, 1$00 млн-ға жетті. Бұл ретте қазақстандық экспорт 39,4%-ға өсті. 2025 жылғы қаңтар–наурыздағы өзара сауданың өсуі 30%.

Қазақстан полипропилен, минералдық тыңайтқыш пен кондитерлік өнім сияқты Сербияға экспортталатын тауарлар желісін кеңейтуге дайын екенін білдірді.

Кездесуге қатысушылар Үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңестің әлеуетін іске қосудың, сондай-ақ негізгі екіжақты жобаларды іске асырудың, атап айтқанда Астана мен Белград арасында тікелей әуе қатынасын орнатудың маңыздылығын атап өтті. SCAT қазақстандық авиакомпаниясы маршрутты пысықтауға кірісіп те кетті. Қазақстан Сербия тарапынан, соның ішінде әуе тасымалындағы бесінші еркіндік құқығын беру мүмкіндігін де қамтитын қолдауға сенеді.

Қазақстандық тарап сербиялық компанияларды инвестициялық жобаларға, оның ішінде агроөңдеу мен фармацевтика саласына белсене қатысуға шақырып, серб индустриясының жоғары экспорттық әлеуетін атап көрсетті.

Бір күн бұрын АХФ алаңында Серік Жұманғарин Хорватияның экономика министрі Анте Шушнярмен кездескен еді. Тараптар, әсіресе, энергетика саласындағы екіжақты қатынастарды, экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды талқылады. Екі жақ, сондай-ақ, инфрақұрылымдық жобалар, IT-сектор, ауыл шаруашылығы мен фармацевтика өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екендерін білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -