Қазақстан Солтүстік Македониямен ынтымақтастықты жандандыруда

1078
Фотосурет: Gov

Қазақстан және Солтүстік Македония сыртқы істер министрлері ынтымақтастық перспективаларын талқылады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу жұмыс сапарымен Астанаға келген Солтүстік Македония Республикасының Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Тимчо Муцунскимен кездесу өткізді.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты қамтитын кең ауқымды мәселелерді талқылады. Әсіресе инвестиция, көлік, азаматтардың мобильділігі сияқты және басқа келешегі зор салалардағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелеріне баса назар аударылды.

«Солтүстік Македония – Балқан өңіріндегі Қазақстанның маңызды серіктестерінің бірі. Біз еліңізбен жан-жақты және көпқырлы қатынастарды дамытуға зор мән береміз. Екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері 30 жыл ішінде басым бағыттар бойынша өзара іс-қимылдың оң қарқыны сақталып келеді» Мұрат Нұртілеу

Қазақстан СІМ басшысы Солтүстік Македонияға Президент Гордана Силяновска-Давкова бастаған өкілдік делегацияның Астана халықаралық форумының жұмысына қатысқаны үшін ризашылығын білдірді. Бұл екіжақты диалогты нығайтудың және көпжақты ынтымақтастықты дамытуға өзара қызығушылықтың нақты айғағы болды.

Министрлер шарттық-құқықтық базаны тереңдету және барлық деңгейдегі сапарларды жандандыруға өзара дайындықты растады, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Ұлттық паспорт иелеріне арналған екіжақты визасыз режимді енгізу перспективалары да қаралды.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша екі елдің сыртқы істер министрліктері арасында 2025-2027 жылдарға арналған Ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды. Бұл құжат көпқырлы серіктестікті дамытудың жүйелі тәсілін айқындай отырып, сыртқы саяси ведомстволар арасындағы өзара іс-қимылға жаңа серпін береді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -