Астанада АӨСШК-нің штаб-пәтері ашылды

1903
Фотосурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Астанадағы АӨСШК штаб-пәтеріне барды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Президент елордада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) штаб-пәтерінің ашылу рәсіміне қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбай Ұйымның негізгі кеңсесіндегі ескерткіш тақтаны салтанатты түрде ашты. Содан кейін Құрмет қарауылы ротасы АӨСШК туын көтерді.

Мемлекет басшысы жаңа штаб-пәтердегі жұмыс кабинеттерін, open space аумағын, аудармашылар кеңсесін, төрағалық залын және музей-кітапхана бөлмелерін аралап көрді. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ТЕЛЕРАДИОКЕШЕНІ (@ptrk.kz)

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -