Қазақстан мен Түрікменстан СІМ басшылары стратегиялық әріптестікті нығайтуға ниетті екенін растады

2112
Фотосурет: Gov

Қазақстан мен Түрікменстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түрікменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен телефон арқылы сөйлесті.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен одан әрі даму перспективаларын, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады.

Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға, сондай-ақ биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге өзара бейілділік білдірілді.

Сонымен қатар министрлер ағымдағы жылға жоспарланған іс-шаралар кестесін қарастырды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -