Қазақстан БҰҰ-мен адам құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастығын нығайтып жатыр

2068
Фотосурет: Gov

Қазақстан СІМ-де БҰҰ-мен адам құқықтары саласында өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Орталық Азиядағы өкілі Матильда Богнермен кездесу өткізді.

Тараптар Қазақстанның саяси және демократиялық реформаларын, БҰҰ-ның адам құқықтары саласындағы халықаралық шарттарын орындау жөніндегі елдің іс-қимылын, сондай-ақ Қазақстанның 2022-2024 жылдары БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне мүшелігінің қорытындыларын талқылады.

А. Рахметуллин еліміздегі адам құқықтары саласындағы жүйелі өзгерістер туралы, оның ішінде ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкес жетілдіру бөлігінде ақпаратты жеткізді.

Сұхбаттастар адам құқықтарын ұлттық және халықаралық деңгейде ілгерілету мақсатында тығыз ынтымақтастықты жалғастыру ниетін растады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -