HONOR жаңа HONOR Magic V5 смартфонын таныстырды

1518

HONOR бүктемелі смартфондардың ең жұқа әрі жеңіл дизайнына арналған жаңа салалық стандартты орнатты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Интеллектуалды құрылғыларға маманданған жаһандық технологиялық компания HONOR Қытайда жаңа буынның бүктелетін смартфоны HONOR Magic V5 моделін ұсынды. Бұл — ішке бүктелетін әлемдегі ең жұқа әрі ең жеңіл смартфон, заманауи инженерлік шешімдер мен инновацияларды біріктірген құрылғы. Смартфон 25% кремнийден тұратын әлемдегі алғашқы сериялық 6100 мА·сағ кремний-көміртекті аккумулятормен жабдықталған. Құрылғыдағы интеллектуалды көмекші YOYO жасанды интеллектінің жаңа мүмкіндіктерін ұсына отырып, үлкен экранның барлық әлеуетін толық пайдалануға мүмкіндік береді.

Әлемдегі ең жұқа және ең жеңіл бүктемелі смартфон

HONOR Magic V5 портативтілік саласында жаңа биікті бағындырды: корпусының қалыңдығы небәрі 8,8 мм, ал салмағы — 217 г. Бұл құрылғыны дерлік байқалмайтын бүктелу сызығымен ерекшелендіретін, жоғары сенімділік беретін жасанды интеллектке негізделген өндіріс технологиясының арқасында мүмкін болды.

Смартфон IP58 және IP59 деңгейіндегі шаң мен судан қорғаныс сертификаттарына ие. Ішкі дисплей көміртек талшықтарымен күшейтілген, ал сыртқы экран NanoCrystal шынысымен қапталған, бұл царапалар мен күнделікті соққыларға төзімділікті қамтамасыз етеді. Ішкі жағында деформацияға қарсы 380 ГПа беріктігі бар көміртек қабаты соққыны бәсеңдетуші ретінде жұмыс істейді. Сонымен қатар, HONOR Super Steel Hinge топсасы 2300 МПа-ға дейінгі керу беріктігімен құрылғыны сенімді етіп, оның бүктелуін аса тегіс етеді.

7,95 дюймдік ішкі экран көп тапсырманы қатар орындау үшін ыңғайлы жұмыс кеңістігін қамтамасыз етеді, ал 6,43 дюймдік сыртқы экран жолда негізгі функцияларға жылдам қолжеткізуге мүмкіндік береді.

Аккумуляторлық технологиядағы серпіліс

HONOR Magic V5 — индустрияда алғаш рет 6100 мА·сағ сыйымдылықтағы кремний-көміртекті аккумулятормен жабдықталған смартфон (тек 1 ТБ нұсқасында қолжетімді). Бұл — 25% кремний құрамы бар алғашқы сериялық батарея, оның энергия тығыздығы 901 Вт·сағ/л болып табылады. HONOR E2 қуатты басқару чипімен және SoC кернеу реттегішімен үйлесе отырып, құрылғы жоғары тиімділікпен, қауіпсіздікпен және жылу реттеуімен ерекшеленеді. Сондай-ақ смартфон 66 Вт сымды және 50 Вт сымсыз HONOR SuperCharge технологиясын қолдайды, бұл күн бойы қуатты жеткілікті деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.

64 МП телефото объективі бар озық фото мүмкіндіктер

HONOR AI Falcon камера жүйесі — кәсіби деңгейдегі фото және видео түсіруге арналған шешім. Негізгі камера блогы:

  • 64 МП перископты телефото объективінен,
  • 50 МП кең бұрышты,
  • және 50 МП ультра кең бұрышты камерадан тұрады.

Оптиканы жетілдірілген жасанды интеллект алгоритмдерімен үйлестіре отырып, HONOR Magic V5 кез келген жағдайда айқын әрі қанық суреттер түсіруге мүмкіндік береді.

MagicOS 9.0.1 жүйесіндегі ақылды мүмкіндіктер

MagicOS 9.0.1 фирмалық операциялық жүйесінің негізінде HONOR Magic V5 құрылғысы YOYO атты интеллектуалды көмекшіні қолдайды. Бұл көмекші қарапайым дауыстық командалар арқылы күнделікті тапсырмаларды орындауға көмектеседі:
презентациялар жасау, код жазу, ақпарат іздеу, файлдарды бөлісу, такси шақыру, камераға қашықтан қолжетімділік, экранды ортақ пайдалану және тағы басқалар.

Qualcomm Snapdragon 8 Elite (3-нм техпроцесс) процессоры жоғары өнімділік пен жасанды интеллектті қолдайтын функцияларды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар бұл модель бүктелетін смартфондар арасында ең кең 5G жиілік диапазонын қолдайды.

Смартфонның түстері мен қолжетімділігі

HONOR Magic V5 мынадай түстерде қолжетімді болады: ақ (Ivory White), қара (Black), алтын (Dawn Gold) және қызыл-қоңыр (Reddish Brown).

Құрылғының алғашқы сатылымы Қытайда басталды, ал жаһандық нарыққа шығуы 2025 жылдың күзінде жоспарлануда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -