Қазақстан мен Қатар шикізатқа емес секторларда экономикалық ынтымақтастықты күшейтуде

1353
Фотосурет: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Катардың халықаралық сауда жөніндегі мемлекеттік министрі, доктор Ахмед бин Мұхаммед әл Сайедпен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz

Онда екіжақты өзара іс-қимылдың өзектілігі мен Қазақстан - Катар арасындағы ынтымақтастықты нығайту келешегі талқыланды. Мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға және шикізатқа жатпайтын секторларда бірлескен инвестициялық бастамаларды ілгерілетуге ерекше назар аударылды.

Тараптар көлік, логистика, агроөнеркәсіптік кешен, энергетика және телекоммуникация салаларындағы өзара іс-қимыл әлеуетін атап өтіп, экономикалық байланыстарды жандандыруға мүдделілікті қуаттады.

Логистика саласындағы ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінуде. Кездесуге қатысушылар Трансауған дәлізін құру, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту,
«Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық дәлізін кеңейту мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар агроөнеркәсіп саласындағы өзара іс-қимылды арттыру мәселесі талқыланды. Қазақстандық тарап Катарға халал әрі органикалық ауыл шаруашылығы өнімі экспортын арттыруға дайын екендігін білдірді. 

2024 жылы Катарға $750 мыңнан астам сомаға қой мен ешкі еті жеткізілген. сондай-ақ екі жақ ветеринарлық және санитарлық талап бойынша жүйелі ақпарат алмасуды жолға қоюға келісті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сындарлы диалогты жалғастыру мен өзара тиімділікке бағытталған әріптестіктің қарқынды дамуын қамтамасыз ету ниетін білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -