Мадридте алғашқы қазақ-испан сөздігін шығару ұсынылды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Мадрид қаласында Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Елшісі Данат Мұсаев Сервантес институтының директоры Луис Гарсия Монтеромен кездесу өткізді.
Жылы әрі мазмұнды диалог аясында тараптар білім, мәдениет және тіл алмасу салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады.
Кездесу барысында екі ел арасындағы мәдени жақындасу мен академиялық диалогты кеңейтуге бағытталған маңызды бастама ретінде алғашқы қазақ-испан сөздігін шығару ұсынылды.
Тараптар тұрақты серіктестікті дамытуға өзара мүдделілік білдіріп, Қазақстан мен Испания арасындағы мәдени және гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған нақты жобаларды іске асыруға дайын екенін растады.