Xiaomi — бұл адам үшін жұмыс істейтін қолжетімді технологиялар туралы

2178
Фотосурет: Михаил Ионов түсірген

Лю Бо, Қазақстандағы Xiaomi стратегиясы, 5G болашағы, аймақтардағы басымдықтар және жергілікті қауымдастықтың рөлі туралы.

Xiaomi компаниясы нарыққа құрылғыларды ғана емес, тұтас цифрлық экожүйені ұсына отырып, Қазақстандағы өз позициясын сенімді нығайтады. Қазақстандағы Xiaomi директоры Лю Бо DKNews порталына берген эксклюзивті сұхбатында брендтің пайдаланушы тәжірибесін қалай өзгертетінін және алдағы жылға қандай жоспарлар құрып жатқанын айтып берді.

— Бүгін қазақстандық нарықта Xiaomi компаниясының миссиясын қалай көресіз?

— Біздің міндетіміз — адамдардың өмірін жеңілдететін қолжетімді технологияларды жасау. Xiaomi — бұл смартфондар ғана емес. Бұл ақылды құрылғылар, экожүйелер, адамдар күнделікті өмірде қолдана алатын инновациялар.

— Соңғы жылдары Қазақстанда Xiaomi компаниясының стратегиясы қалай өзгерді?

— Жаһандық тұрақсыздық жағдайында біз үш нәрсеге баса назар аудардық: қолжетімділік, инновациялар және бейімделу. Біз e-commerce платформасын дамытамыз, офлайн нүктелерді кеңейтеміз және логистиканы күшейтеміз. Бұл біздің құрылғыларды қалаларда да, аймақтарда да мүмкіндігінше қолжетімді етуге көмектеседі.

— Алдағы жылы компанияның өсуі үшін қандай бағыттарды маңызды деп санайсыз?

— Алдағы жылы біз бірнеше басым бағытты көріп отырмыз, олардың әрқайсысы Қазақстандағы Xiaomi компаниясының тұрақты өсуінде маңызды рөл атқарады.

Біріншісі — фирмалық сату арналарын дамыту. Біз Xiaomi Store желісін белсенді түрде кеңейтуді, ресми сайтымыздағы пайдаланушы тәжірибесін жақсартуды, сондай-ақ Kaspi.kz сияқты жергілікті e-commerce платформаларында позицияларды нығайтуды жалғастырудамыз. Бұл бізге сатып алушыға жақынырақ болуға, қызмет көрсету сапасын жақсырақ бақылауды және баға белгілеудің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Екіншісі — жергілікті серіктестікті нығайту. Бүкіл ел бойынша, оның ішінде шалғай аймақтарда өнімдеріміздің барынша көп ұсынылуын қамтамасыз етуде дистрибьюторлармен, ритейлдермен және онлайн ойыншылармен белсенді жұмыс істейміз. Серіктестіктер бізге әртүрлі аудиториялардың дұрыс ыңғайын табуда икемділік және нарық сұраныстарына жедел жауап беру мүмкіндігін береді.

Үшіншісі — жергілікті қауымдастықты дамыту және нығайту. Біз күшті пайдаланушылар қауымдастығы — бұл кері байланыс арнасы ғана емес, сонымен қатар инновацияның қозғаушы күші екеніне сенеміз.

Және төртіншісі — бұл бүгінгі пайдаланушының сұранысына сәйкес келетін жаңа технологиялық өнімдерді шығару. Біз 5G қолдайтын смартфондарға, жасанды интеллекті бар құрылғыларына, сондай-ақ ақылды үй экожүйесі мен IoT шешімдерін дамытуға баса назар аударамыз. Гаджеттерді шығарып қана қоймай, күнделікті өмірді жеңілдететін, ақылды және ыңғайлы ететін біртұтас экожүйені құру маңызды. Мұның бәрі Xiaomi компаниясының қазақстандық нарықта тұрақты өсуінің негізін қалыптастырады.

— Қазақстанда 2025 жылы қандай жаңа өнімдер пайда болады?

— Біз нарықты жаңа технологиялық айналымға дайындап жатырмыз. Қазірдің өзінде біз 5G, AI функциялары және қуатты камералары бар смартфондарды ілгері жылжытып жатырмыз. Бұдан басқа ақылды үй экожүйесін дамыту басты назарда. Біз жарықтандыруды, қауіпсіздікті және тұрмыстық техниканы басқару қазақстандық отбасылардың әдетіне айналуын қалаймыз.

Xiaomi

— Xiaomi жергілікті деңгейде пайдаланушылармен қалай жұмыс істейді?

— Қазақстандағы Xiaomi Community — бұл 141 мыңнан астам пайдаланушы. Біз жай ғана сатпаймыз — біз тыңдаймыз, қарым-қатынас жасаймыз және үйретеміз. Жергілікті белсенділіктерді, оқыту форматтарын, офлайн іс-шараларды іске қоса отырып, осы векторды әрі қарай дамытамыз.

— Аймақтарда жұмыс істеу сіз үшін қаншалықты маңызды?

— Аймақтарда жұмыс істеу — Қазақстандағы Xiaomi компаниясының негізгі басымдықтарының бірі. Мегаполистерден тыс жерлерде тұратын адамдар да заманауи, сапалы және қолжетімді құрылғыларға ұмтылады. Сондықтан біз бөлшек сауда желісін белсенді дамытамыз, жергілікті ритейлдермен, Kaspi.kz секілді e-commerce платформалармен серіктестікті күшейтеміз және Xiaomi техникасы елдің әр бұрышында қолжетімді болуы үшін логистиканы жақсартамыз.

Сонымен бірге біз бейресми импортты бақылауға назар аударамыз, сондықтан аймақтардағы пайдаланушылар сапа мен кепілдікке сенімді бола алады.

— Xiaomi бүгін Қазақстанда қай жағынан мықты деп ойлайсыз? Алдағы уақытта немен жұмыс істеуі қажет?

— Біз e-commerce платформасының дамып келе жатқанына қуаныштымыз. Біз өнімдерге деген қызығушылықтың артуын көріп отырмыз. Бірақ аймақтардағы, жергілікті маркетингтегі және білім беру жұмысындағы әлеует әлі де толық ашылған жоқ. Біз осы жағдайды өзгерту үшін белсенді түрде қаржыландырамыз.

Сурет авторы: Михаил Ионов

— Xiaomi компаниясына осындай бай нарықта бәсекелестік позицияны сақтауға не көмектеседі?

— Біз өзімізді басқа брендтермен салыстырмаймыз. Біз пайдаланушыға жұмыс істейміз. Біздің өнімдеріміз — бұл кері байланыс, инженерлік шешімдер және әділ бағаның нәтижесі болады. Сондықтан Xiaomi Қазақстанда жай ғана бренд емес, көптеген адамдардың өмір салтының бір бөлігі болып табылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -