Қазақстан және Армения сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Армения Республикасының Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен телефон арқылы сөйлесті.
М.Нұртілеу Армения СІМ басшысын Вашингтонда өткен үшжақты кездесудің қорытындысы бойынша Армения мен Әзербайжан арасындағы бейбітшілік орнату туралы декларацияға қол қойылуымен құттықтады.
ҚР Сыртқы істер министрі бұл қадамның Оңтүстік Кавказ өңірінде тұрақты бейбітшілік орнату, орнықты даму мен өркендеуді қамтамасыз ету жолындағы маңыздылығын атап өтті.
Тараптар өңірлік коммуникацияларды ашу бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру аясында сауда, логистика және көлік салаларындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.
Сұхбат барысында алдағы уақытта Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның Астанаға ресми сапары аясында екіжақты күн тәртібіндегі мәселелерге ерекше назар аударылды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша министрлер өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейілділігін растай отырып, саяси диалогты жалғастыруға келісті.