Данияр Алшиновтың алғашқы жеке стендап концертінің тұсаукесері — 23 қазанда Freedom Media-да

1540

Алматы, 23 қазан 2025 ж. — «Бас кейіпкер» деп аталатын жарты жарым сағаттық шоуда қазақстандық киноның жарық жұлдызы неге комедияға келгенін айтып, әр қазаққа таныс, жақын тақырыптарды әзіл арқылы көтереді.

Көпшілік Данияр Алшиновты «Чёрный, чёрный человек», «Районы», «Жаным, ты не поверишь!», «Казахские страшные сказки» және халықаралық фестивальдерде атап өткен басқа да туындылардағы рөлдері арқылы біледі. Бірақ оның шығармашылық жолы дәл осы — кішкентай алаңдарда микрофон ұстап, көрерменге алғаш рет ашық сөйлеген стендаптан басталғанын екінің бірі біле бермейді.

Лев Гумилев атындағы ЕҰУ-де ядролық физика мамандығы бойынша білім алып, кейін «Болашақ» бағдарламасымен АҚШ-та авиағарыш инженері мамандығы бойынша оқыған Данияр, ақырында өнер жолын таңдады. Ол Ресейдегі Райкин атындағы Жоғары сахна өнері мектебін тәмамдаған. Бүгінде фестивальдік драмаларда да, комедиялық жобаларда да қатар ойнап жүр. Ал оның кейіпкерлері — тірі жанның тынысын, адамға тән күйді анық сездіретін бейнелер.

Ол енді шығармашылық жолының бастауына — стендапқа қайта бет бұрды.

Freedom Media-да эксклюзивті түрде көрсетілетін алғашқы жеке концерті кәсіп, қоғам, ересек өмірге қадам басу мен отбасы туралы болады.Бұл — өмірді жеңілдетіп, адамдарды бір-біріне жақындата түсетін тақырыптарға арналған әңгімеге толы кеш.

«Комедия — күрделі нәрсені қарапайым тілмен айтуға берілген мүмкіндік. Стендапта мен өз болмысыма адалмын», — дейді Данияр Алшинов.

 

Freedom Media компаниясының бас директоры Тимур Баиров:

«Данияр — қазіргі қазақ мәдениетінің жаңа келбетін қалыптастырып жүрген тұлғалардың бірі. Ол шынайылықты, тапқырлықты және терең ойды бір арнаға тоғыстыра алады. Оның стендап концерттері — жай ғана әзіл емес, өмірге еркін көзқараспен қараудың бір үлгісі. Бұл жоба — шығармашылық тұрғыда жасалған тың тәжірибе. Бұл — классикалық стендап қана емес, Данияр Алшинов ұсынған сахналық перформанс. Мұнда қисынды құрылым, драматургиялық желі мен көркемдік өрнек үйлесім тапқан. Шағын спектакль мен стендаптың тоғысқан ерекше форматы деуге болады. Freedom Media дәл осындай жобалармен өз жолын бастайды», — дейді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -