Душанбеде Қазақстан мен Тәжікстанның инвестициялық ынтымақтастығының перспективалары талқыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстанның инвестициялар және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Сұлтан Рахимзодамен кездесу өткізді.
Сұхбат барысында Қазақстан мен Тәжікстанның сауда-экономикалық өзара іс-қимылын дамыту, түрлі салалардағы бірлескен инвестициялық жобаларды ілгерілету және елдерімізде өткізілетін инвестициялар саласындағы іс-шараларға қатысудың өзекті мәселелері талқыланды. С. Рахимзода казақ тарапын 2025 жылғы қазанда өтетін «Душанбе халықаралық инвестициялық форум – 2025» белсенді қатысуды шақырды.
Астанада өткен Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Тәжікстан үкіметаралық комиссиясының 19-шы отырысының қорытындылары оң бағаланды. Сондай-ақ тараптар екі ел арасындағы сауда ынтымақтастығының кең перспективалары бар екенін атап өтті.